БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОСКАР – 2018» БАЙҚАУЫ ОЗДЫРЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 8–ші маусым күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық іс – тәжірибелерін тарату мақсатында мектепішілік дәстүрлі «Педагогикалық Оскар – 2018» байқауы оздырылды. Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ аппаратының бас маманы М.Темиргалиева байқаудың әділ қазылар құрамында болды.
Бұл байқауда бала жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім – тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, 7 ұстазбен тәрбиешілер сайысқа түсіп бақтарын сынады.
Әділ қазылардың бағалау нәтижесі бойынша «Ізденімпаз мұғалім» номинациясына қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі З.Кыдырсихова, «Шығармашыл мұғалім» номинациясына өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Ж.Махсотова, «Зерттеуші мұғалім» номинациясына бастауыш сынып мұғалімі А.Шамшиева, «Эрудит мұғалім» номинациясына мектеп психологі Н.Мухамбетьяров, «Ұйымдастырушы мұғалім» номинациясына тәрбиеші Қ.Рахимова, «Көшбасшы мұғалім» номинациясына А.Султанова ие болып мадақтамалармен марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушыларына заттай естелік сыйлықтар табыс етілді. Ал, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атынан «Зеленый бор» емдеу сауықтыру орталығына тегін жолдаманы бас жүлде иегері орыс тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі К.Тюлебаева иеленді.
-
Фотографии
-