Бірлескен семинар
9 маусым күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлері қызметінің негізгі мәселелері және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа жүйесі» тақырыбында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және кәсіподақ активіне арналған көшпелі семинар-кеңесі ұйымдастырылды.
Семинар-кеңесі жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Серікова Раушан Серікқызы, облыстық білім басқармасының басшысы Уразбаева Лаззат Аманжолқызы қатысты. Семинарға қатысушылар онлайн форматында Каринова Шолпан Таңатқызы – ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директорына сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Шара барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мақсаттары мен міндеттері, салалық кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары, әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің атқаратын ролі, еңбек заңдылықтарының орындалуы, педагогикалық кадрларды атестаттау сұрақтары қаралды. Көптеген сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Семинарға барлығы 103 адам – облыстық білім басқармасының мамандары, қалалық білім бөлімінің мамандары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, орта және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-