.jpg)
Кәсіподақтар күні Ақтөбеде
Ақтөбе қаласында 2018 жылдың 8 маусым күні Қазақстан кәсіподақтары күні аталып өтті. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Сатыпалды Телағысұлы Даулеталин, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Айгүл Мақсатқызы Мұқашева, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев қатысып, әріптестерді мейрамдарымен құттықтап, үздіктерін марапаттады. Бұл мерекеге Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы да атсалысып, бірқатар кәсіподақ мүшелері облыстық ұйымның ұсынуымен марапатталды. Әлеуметтік серіктес – Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Ж.Мухамбетпаизова «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Беисова Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен, бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары Салалық кәсіподақтың «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шараға қатысушы кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақ күші бірлікте екенін далелдеп, жақсы көңілмен қайтты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-