.jpg)
Балаларға күлкі сыйлайық
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Мөлдір» бөбекжай-бақшасының ұйымдастыруымен «Бақытты бала» жобасы аясында «Қазақстан кəсіподақтары күні» мерекесіне жəне «1-маусым балаларды қорғау күніне» арнап «Балаларға күлкі сыйлайық» атты Мұғалжар ауданы Батпақкөл округіне қарасты білім мекемелеріндегі кəсіподақ мүшелері арасында театрландырылған қойылымдар байқауы өтті. Байқауға 5 білім мекемесі қатысты. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаз болған мекемелер аудандық білім қызметкерлері кəсіподағы ұйымының Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Бас жүлдені «Балауса» бөбекжай-бақшасының ұжымы иеленді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-