Жетісулық балдырғандар «Көктал-Арасан» емдеу – сауықтыру кешенінде демалады
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымы қызметінің басым бағыттарының бірі - кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтыру.
Білім саласы қызметкерлері балаларының жаз мезгіліндегі демалысын тиімді өтуіне жағдай жасау, денсаулығы нашар және жағдайы төмен отбасының балаларына қолдау білдіру мақсатында кәсіподақ ұйымы 3 маусым күні 100 баланы «Көктал - Арасан» емдеу-сауықтыру кешеніне салтанатты түрде шығарып салды. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров балаларға ақ жол тілеп, батасын берді.
10 күн бойы демалушы балалар радон ваннасы, массаж, емдік дене тәрбиесі сияқты ем түрлерін қабылдайды. Панфилов ауданында орналасқан сауықтыру кешенінде балалар тек демалып қана қоймай, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтып, тынығуына, қабілеттерін шыңдауға мүмкіндікалады. Сонымен қатар, жер жаннаты - Жетісу өлкесіндегі кереметтердің бірі - Әулиеағаш, бір шегесіз салынған «Жаркент мешіті» мұражайына саяхат ұйымдастырылады.
Шығарып салу рәсімі Талдықорған шаһарындағы «Жастар» саябағы «Рухани жаңғыру» орталығының маңында өтті.
Бірінші аусымда, яғни 3 – 13 маусым аралығында Алакөл, Ақсу, Сарқан, Көксу аудандары және Текелі қаласының балалары демалады. «Көктал – Арасан» кешенінде Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымы есебінен екі аусымда барлығы 200 оқушы сауықтырылмақ.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-