.jpg)
Бар жақсылық балаларға
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Байғанин аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы бірлесе отырып «Бар жақсылық балаларға!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Оған барлық мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп оқушылары атсалысты. 900 оқушы мен бүлдіршіндер балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруіне қатысты.
«Желдей жүйрік шабандоз» атты велосипедшілер жарысы «Бақытты балалық шақ» атты асфальтта сурет салу байқауы және де басқа түрлі шаралар өткізілді.
Мерекелік шарада балаларға сыйлықтар беріліп, грамоталармен мадақталды. Кішкентай бүлдіршіндерге балмұздақтар таратылды. Барлық балаларға да көңіл бөлініп сыйлықтар берілді. Осындай игі шаралар алдағы уақыттада жалғасын табады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-