Аудандағы облыстық оқу-семинары
2018 жылдың мамыр айының 29 күні Ақтөбе облысы Темір ауданында облыстық кəсіподақ ұйымының заңгері, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиевтің қатысуымен білім мекемелерінің басшыларына, бастауыш кəсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына, келісім комиссия мүшелеріне арналған облыстық оқу-семинары өткізілді. Семинарға 82 кəсіподақ мүшелері қатысты. Семинар барысында заңгер А.Алимпиев еңбек заңдылықтары, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісім, келісім комиссиясы туралы сөз қозғап, заң аясында көптеген сұрақтарға жауап берді. Семинар соңында заңгер А.Алимпиев кəсіподақ мүшелерін облыстық білім жəне ғылым қызметкерлері салалық кəсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапаттап, аудандық кəсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табыс етілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-