.jpg)
Темір ауданындағы қоғамдық бақылау
2018 жылдың мамыр айының 28 күні Ақтөбе облысы Темір ауданында облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері, құқықтық еңбек инспекторы Л.Алимпиев және аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Сабенова №1 мектеп-гимназиясында, №2 қазақ-орыс орта мектебінде, «Қарлығаш», «Балдәурен» балабақшаларында қоғамдық бақылау жүргізді. Қоғамдық бақылау кезінде ұжымдық, еңбек шарттарымен, оқу жүктемелерімен танысты. Қоғамдық бақылау кезінде білім мекемелерінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, заң аясында көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар №2 қазақ-орыс орта мектебінің жас ұстаздары арасындағы «Үздік жас маман - 2018» кәсіби байқауына қатысып, сәттілік тіледі.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-