
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті отырысы өтті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғстау облыстық ұйымының Атқару комитетінің кезекті отырысы Кәсіподақ төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы Күнзира Еңсегенова Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының Жарғы міндеттерінің орындалысы бойынша жұмыстары туралы есебі тыңдалды; Екінші мәселе бойынша филиалдардағы келісім комиссиясын құрудың қорытындысы туралы мәселе қаралды.
Филиал кураторлары Жаңаөзен қалалық және Маңғыстау, Мұнайлы аудандарында келісім комиссияларының жұмыстары жүйелі жүргізіліп келе жатқанын, қалған филиалдарда жұмыстар жалғасуда екенін атап өтті.
Сондай-ақ, алқалы жиында облыстың білім беру ұйымдарында есеп беру қайта сайлауларының өткізілуі жөнінде және ұжымдық-келісім науқанын ұйымдастырылуы туралы мәліметтері тыңдалып, облыстық ұйымның алдағы Қазақстан кәсіподақтарының күніне орай өтетін іс-шаралар бойынша жоспар бекітілді. Атқару комитеті жиын барысында сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларына сауықтыру бойынша шараларға тоқталып өтіп, арнайы Қаулы қабылдады.
-
Фотографии
-