.jpg)
Аудандық үш жақты комиссияның отырысы
Ақтөбе облысы Темір ауданында əлеуметтік əріптестік жəне əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша аудандық үш жақты комиссияның отырысы өтті. Кезекті отырысқа аудандық білім қызметкерлері кəсіподақ ұйымының төрайымы Н.Сабенова қатысты. Жиынның күн тəртібінде келесі мəселелер қаралды:
1.Еңбек ақылардың уақытылы берілуі.
2.Жұмыскерлердің құқықтары мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында жұмысберушілер мен кəсіподақ арасында 2018 жылға меморандум жəне ұжымдык шарт жасалу туралы.
3.Жұмыстан қысқарту мəселелерінің алдын алуын бакылау жұмыстарының жүргізілуі.
Басқосуда аудандық білім мекемелерінде қызмет атқаратын кіші қызметкерлердің медициналық тексеруден тегін өту мәселелері ортаға салынып, комиссия талқысына түсті. Сондай-ақ, əлеуметтік əріптестікті алдағы уакытта да жандандыра түсу, сол арқылы ортақ түйіндерді бірлесіп шешу ұсынылды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-