
Ескелді ауданында «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымы шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын бастауыш кәсіподақ ұйымдарын анықтау, жарғылық міндеттерін жүзеге асыруда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауын жарияланып, 2018 жылдың қаңтар айында Атқару комитетінің № 14/1 Қаулысына сәйкес байқау Ережесі бекітілген болатын.
Аталған Қаулыны орындау мақсатында 23 мамыр күні Ескелді аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті.
Байқауға қатысуға тілек білдірген бастауыш кәсіподақ ұйымдарын Ескелді аудандық комитеттің төрайымы Адия Айтбузинова және әлеуметтік әріптес ретінде аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Дюсебаев құттықтап, сәттілік тіледі.
Байқаудың іріктеу кезеңінде қазылар алқасы келесі қағидаларға назар аударды: бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесі, ұйымдағы әлеуметтік әріптестік, бастауыш кәсіподақ ұйымында іс қағаздарын жүргізу, жаңа әдістерді қолдану, арнайы кабинетінің болуы.
Сонымен қатар, көшбасшылар бейнеролик (презентация) арқылы ұйым қызметінің бағыттарын, формалары мен әдістерін, ең бастысы – жұмыс нәтижелері мен жетістіктерін көрсетті.
Нәтижесінде төмендегі ұйымдар үздік деп танылды:
Бас жүлде - Т.Рүстембеков атындағы ОМ (төрайымы С.Нұғманова)
I орын - Мичурин атындағы НОМ (төрайымы Р.Жақамбаева)
II орын - Қаратал ОМ (төрайымы Қ.Ибраимова)
II орын- Ш.Уәлиханов атындағы ОМ (төрайымы Қ.Ақмолдаева)
III орын- Қаблиса Жырау атындағы ОМ (төрайымы А.Түсіпова)
III орын- Н.Алдабергенов атындағы ОМ (төрайымы Р.Дүкенова)
III орын- Титов атындағы ОМ (А.Сайлыбаева)
Байқаудың бас жүлдегері - Т.Рүстембеков атындағы орта мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымы қазан айында өтетін Талдықорған аумақтық байқауға жолдама алды.
Соңында жеңімпаздар Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-