
Азаматтардың әлеуметтік - экономикалық құқықтары басты назарда
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.
Осы орайда, 22 мамыр күні Қаратал ауданы Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде «Ұстаздардың еңбек және басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен өз мүшелерінің мүдделерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға еңбек ұжымындағы кәсіподақ мүшелері қатысты.
«Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі басты шарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру. Адам құқығы мәдениетінқалыптастырудамаңыздықұралдыңбірі– білім беру ұжымдары десек қателеспейміз», - деді өз сөзінде бастауыш ұйымның төрайымы Р.Бұхабаева.
Шара барысында білім беру мекемесінің қызметкерлері нормативтік-құқықтық құжаттармен танысуға, құқықтық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Бірнеше топқа бөлінген ұстаздар өз ойларын көпшілік назарына постер арқылы ұсынып, қорғады және сауалдарына жауап алды
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-