Кербұлақ ауданында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өтті
Жуырда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бастамасымен Сарыөзек және Қоғалы ауылдарында «Кәсіподақ жұмысының негізі және оны нығайту жолдары» тақырыбында кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқыту семинарлары өтті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында өткен семинар жұмысына аумақтық ұйымның бас мамандары, Кербұлақ аудандық комитеттің қызметкерлері, бастауыш ұйым төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Талдықорған аумақтық ұйымның бас маманы Л.Сағынғалиқызы 2018-2019 жылдары өтетін есеп беру–сайлау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша баяндап, сұрақтарға жауап берді. М.Төлепбергенов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері басты назарда болу керектігін айтып, өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторларының жұмысына тоқталды.
Ал Талдықорған аумақтық ұйымының бас есепшісі А.Арымбаева қоғамдық бірлестіктің қаржы қызметі төңірегінде сөз қозғап, қаржы саясатын заң аясында жүргізу қажеттігін айтты.
Пікір алмасу кезінде кәсіподақ белсенділері бастауыш ұйымында атқырылып жатқан жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, кәсіподақтарды дамыту турасында ойларын ортаға салды.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-