.jpg)
Әйтеке би ауданындағы семинар
2018 жылдың мамыр айының 17-сі күні Әйтеке би ауданында облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері А.Алимпиевтің қатысуымен білім мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары және келісім комиссия мүшелеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинарға барлығы 82 кәсіподақ мүшесі қатысты. Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысының м.у.а. А.Қыдралина қатысты. Семинар барысында А.Алимпиев Еңбек заңдылықтары, келісім комиссиясы туралы сөз қозғап, түрлі сұрақтарға жауаптар берді. Мамыр айының 18-сі күні заңгер А.Алимпиев және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов Комсомол, Т.Шевченко атындағы, С.Оразалин атындағы орта мектептері және «Ақбөбек», «Балбұлақ» балабақшаларында қоғамдық бақылау жүргізді. Сонымен қатар түрлі шаралар қамтылды. Мамыр айының 17-сі күні зейнеткер жасқа толған С.Оразалин атындағы орта мектептің оқытушысы М.Раушановқа аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, Абай орта мектебінің оқытушысы Д.Бисенбаевқа облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты табысталды. Кәсіподақ мүшелеріне табысталған сыйлықтарға кәсіподақ ұйымы демеушілік көрсетті.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-