Ескелді ауданында жайдарманшылар бас қосты
Жуырда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Ескелді аудандық комитеті, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті және «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау мақсатында «Ескелді аудандық білім бөлімінің кубогы - 2018» атты ауданаралық жайдарман ойыны өтті.
Жас ұстаздар арасында өткен шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын дамыту.
Аудан орталығы Қарабұлақ ауылында өткен ойынға «Бақтыбай жұлдыздары» (Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебі), «Бес саусақ» (Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы), «Сәттілік» (Титов атындағы орта мектебі), «Жақыпбаев жастары» (Жақыпбаев атындағы орта мектебі), «Болашақ» (Ақын Сара ауылы) командалары қатысты.
Ойынның нәтижесінде «Бақтыбай жұлдыздары», «Бес саусақ», «Жақыпбаев жастары» командалары жүлделі орындарға ие болып, жеңімпаздарға кубок, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-