Дарынды балалар мектебіндегі кездесу
Ақтөбе қаласындағы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ұжымы тәуелсіз еліміздің етеңгі тұлғасы – өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында оқу-тәрбие үрдісінің тың әрі жаңа әдіс-тәсілдерін оқып-үйреніп, инновацилық өзгерістерге ден қойып отыр.
60 жылдан астам тарихы бар мектеп-интернат қабырғасынан мыңдаған шәкірттер түлеп ұшты. Олардың арасында К.Отаров (1971жылғы түлек) Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қ.Өскенбаев (1971 жылғы түлек) ҚР ІІБ вице-министрі, полиция генералы болып еңбек етсе, А.Смағұлов (1987 жылғы түлек) ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, М.Кемалов (1987 жылғы түлек) ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болып абыройлы қызмет атқарып жүр. Әр жылғы түлектер өздері білім алған алтын ұясына келіп, ұстаздарымен кездесіп, пән кабинеттерінің заманауи талапқа сай жабдықталуына үлестерін қосуда.
Бүгін 16 мамыр 2018 жылы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ұжымы Ақтөбе облыстық кәсіподақтар кеңесі төрағасының орынбасары Ж.Ақбергеновпен, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жетекші маманы А.Серімбетовпен, облыс әкімінің көмекшісі, еңбек ардагері Келдібай Еспағамбетовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, келісім комиссиясы мен еңбек шарттары туралы айтылып, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.
Еңбек адамының құқықтарын қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру, кәсіптік ынтымақтастықты дамыту және нығайту, рухани қолдау көрсету – кәсіподақтың басты міндеті болып табылады. Олай болса, білім беру жүйесінің түбегейлі жаңғыртуға үлес қосуға бағытталған жаңа жағдайдағы жұмыстардың бастамасы жалғасын табатынына, кәсіподақ мүшелерінің жұмыла еңбек ете беретініне, шәкірттерге білім мен тәрбие беруде биік шыңдардан көрініп, жетістіктерін еселей түсетініне сеніміміз айқын.
М.Құсайынов атындағыАқтөбе облыстықдарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатыбастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымы А.Жаналина
-
Фотографии
-