
Қаратал ауданында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті
Жуырда Үштөбе қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Қаратал аудандық комитетінің ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті.
М.Горкий атындағы орта мектептің негізінде өткен облыстық шараның мақсаты - білім саласы қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін дамыту.
Жарысқа Талдықорған қаласы және Қарасай, Көксу, Жамбыл, Кеген, Ұйғыр, Қаратал аудандарынан ерлер және қыздар командалары қатысты.
Ашылу салтанатында білім және ғылым қызыметкерлері кәсіптік одағының Қаратал аудандық комитетінің төрағасы Асхат Исабаев, М.Горкий атындағы орта мектебінің директоры Арман Ізбасаров қатысушыларды құтықтады. Екі күнге созылған ойынға ұлттық дәрежедегі төреші Молдахметова Айнұр Шахарқызы төрелік етті.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар анықталып, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов ойыншыларға ризашылығын білдіріп, жүлдегерлерді құттықтап, марапаттады.
Ойын нәтижесі төмендегідей:
Ерлер арасында:
І орын - Әлиақбар Ернұр (Қарасай ауданы),
ІІ орын - Әбдімұратов Бауыржан (Қаратал ауданы),
ІІІ орын - Қызырбек Өнербек (Қаратал ауданы).
Қыздар арасында:
І орын - Молдахметова Айнұр (Жамбыл ауданы)
ІІ орын - Мұсаева Күлсін (Кеген ауданы)
ІІІ орын - Шаяхмет Әйгерім (Ұйғыр ауданы).
А.ИСАБАЕВ,Қаратал аудандық
кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фотографии
-