
Ескелділік жастар өзара пікір алмасты
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық комитетінің желілік кестесіне сәйкес «Біз отанымыздың келешек ұрпағымыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Айтбузинованың басшылығымен өткен дөңгелек үстел басында қатысушылар жастардың қоғамдағы ролі, келешек ұрпақты тәрбиелеуде атадан қалған мұра, мол қазынамыз салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды насихаттау қажеттігі жайлы пікір алмасып, көкейлерінде жүрген түйінді ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстел қатысушыларына бейнероликтер, слайдтар ұсынылып, оқушылар патриоттық әндер орындады.
Аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған шараға Қарабұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Қ.Құрманғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Байбарақов, «Жас барыс» әскери - патриоттық клубының жетекшісі Р.Тәжібаев, аудандық комитет жанынан құрылған жастар Кеңесінің төрайымы А.Сейітова, білім беру мекемелеріндегі жас мамандар және 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-