АРГУдегі кездесу
14 мамыр күні Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікова және мамандары, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының құқықтық сұрақтар жөніндегі бас маманы І.Кенжебай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, келісім комиссиясы мен еңбек шарттары туралы айтылып, қаржылық сұрақтар қаралды. Кәсіподақ комитетінің мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ