Кәсіподақ белсенділерімен өткен кездесу
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен Көксу ауданы Балпық би ауылындағы білім беру мекемелерінің ұстаздарымен кездесу өтті.
Ашық диалог форматында өткен кездесуге білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров, «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырманов, Бесқайнар, Қ.Жалайыри, Құрманов, Н.Алдабергенов, Б.Құндақбаев атындағы орта мектептерінің және «Алпамыс», «Жұлдыз», «Қуаныш» балабақшаларының кәсіподақ мүшелері қатысты.
Қоғамдық бірлестік жетекшілері кәсіподақ мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Пікір алмасу барысында білім саласы қызметкерлерінің медициналық тексеруден тегін өтуі, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленуі тиіс жәрдемақының мөлшеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов кәсіподақтар жұмысының жаңа жүйелері мен тетіктерін құрудың қажеттігі туындағанын айтып, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға, кәсіподақтардың қызметін түбегейлі реформалау мақсатында 2018-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы Елбасының Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамаларының негізгі бағыттарына тоқталып, күз айларында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында өтетін есеп беру-сайлау науқанына дайындық жүргізіп, жиналыстарды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.
Еңбекшіқазақ орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сырым Толғанбаев кәсіподақтардың ролін арттыру, ұстаз мәртебісін көтеру жайлы өз пікірімен бөлісті.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-