БАР ЖАНАРДЫ ЖАУЛАҒАН ЖАЙДАРМАН
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің факультеттер арасында Студенттік кәсіподақ комитетінің қолдауымен Жайдарман ойындарының финалдық бәсекесі өткізілді. Оған оқу орны факультеттері студенттерінен құралған5 топ қатысты. Әдеттегідей әзіл десе ішкен асын жерге қоятын әзілсүйер қауым бұл жолы да залға лық толды.
Бірінші кезең - «Сәлемдесу», екінші кезең - «Биатлон», үшінші кезең – «Жұлдызбен көрініс» деп аталатын бөлімдерде студенттер уақыт регламенті бойынша өнер көрсетіп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көбінесе қазіргі таңдағы өзекті тіл мәселесі мен студенттік өмірде болған оқиғалар, махаббат, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы тақырыптары көрініс тапты. Әр факультет құрамалары өздерінің ой ұшқырлығын танытты.
Бұл сында Инженерлі-экономикалық факультетінің «Біз ашылдық» командасы топ жарды. ІІ орынды студенттік кезбен қош айтысқан «Қыз Жібек» қыздар құрама командасы ұтып алды. Ал ІІІ орынға «КИАПтан бар» еркін құрама командасы ие болды. Сондай ақ «Үздік ойыншы» болып Гүлжамал Қуанышова анықталды. Жайдарман жеңімпаздары Студенттер кәсіподақ комитетінің арнайы алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Студенттер кәсіподақ
комитетінің төрағасы Шәкизат Қаратайұлы
-
Фотографии
-