
Зейнеткерлікке шығарып салу
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымында зейнеткерлікке шығатын кəсіподақ мүшелерін сый-сияпатпен шығарып салу дəстүрге айналған. Соның бірі ауданның білім саласында ұзақ жылдар басшы болып, ұстаз болып еңбек еткен Қандағаш қалалық №2 орта мектебінің бұрынғы директоры, өзін-өзі тану пəнінің мұғалімі Мырзин Серік Əбужанұлын кəсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықпен, Алғыс хатпен марапаттап зейнеткерлік демалысқа шығарып салу сəті.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ