
Айтекеби ауданы құттықтады
Әйтеке би аудандық білім бөлімі және аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай Семей ядролық сынақ алаңында Отан алдындағы борышын өтеген білім бөлімінің заңгері С.Мамбетов, Белқопа, Қарабұтақ, Жамбыл орта мектептерінің кәсіподақ ұйымы төрағалары М.Молдағұлов, М.Еңсепбаев, Ө.Құлмұратовқа алғыс хаттар, сыйлықтар табыстады. Шараға аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ