.jpg)
Ардагерлерді ардақтайық акциясы
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акциясы аясында Ақтөбе политехникалық колледжінің бастауыш кəсіподақ ұйымының белсенділері соғыс ардагері Конющенко Борис Ивановичтің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қарияның портретін сыйға тартты. Мерекелік дастархан əзірлеп, концерттік бағдарлама арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Борис Ивановичтің мағыналы ғұмыры мен соғыс жылдарындағы туысқандық рухы жайындағы əңгімелерін тыңдап, азаматтық ұстанымын үлгі етті.
Отан үшін кеудесін отқа төсеп, соғыс майданынан аман қайтқан ардақты ардагерлер! Сіздердің ерліктеріңіз біздер үшін зор үлгі. Мереке қарсаңында зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-