Құқықтық ақпарат - қолжетімді
Кәсіподақ жұмысында еңбек адамдарының ҚР еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту маңызды.
Осыған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі ай сайын әлеуметтік әріптестік тараптарын еңбек заңнамасына тұрақты оқыту семинарын ұйымдастырып отыр.
Кезекті семинар жұмысы,ағымдағы жылдың 19 сәуірінде өткізіліп, оған филиал төрағалары мен мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бақылау-тексеру комиссиясы мүшелері қатынасты.
Семинар жұмысында үш түрлі тақырыпта баяндама тыңдалып, сұрақтар талқыға түсті.
ҚР Еңбек кодексі туралы баяндаманы заңгер Юлия Айбусыноважасады. Әсіресе, кезек бойынша ол ҚР Еңбек Кодексінің 10, 11-тарауларына жіті тоқталды. Анығында, еңбек шарты тараптарының материалдық жауаптылығы, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері туралы сөз етті.
Сонымен қатар, «Кәсіподақ жарнасын жұмсау, бөлу және төлеу тәртібі» туралы баяндаманы бас есепші Алтын Тюякпаева жасады.
Сондай-ақ, «Бақылау - тексеру комиссиялары жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» туралыоблыстың білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының бақылау тексеру комиссиясының төрайымы Жұмағаным Шакировабаяндап, басшылыққа алатын құжаттар және зерделеу барысыныда кездесетін кемшіліктерге тоқталды.
Семинарға қатысқан тыңдаушылар тақырыпқа сәйкесті сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті ақпараттарды алып, белсенді қатынасты. Дәстүрлі семинар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Орынгүл ТӨРЕМҰРАТ,Атырау облысы
-
Фотографии
-