.jpg)
Мерейлі отбасы қорытынды кезең
2018 жылдың 27 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Бақытты бала – Мәңгілік Ел кепілі» жобасы аясында 2017-2018 оқу жылында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» мектепішілік байқауының қорытынды кезеңі өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауға 6 отбасы қатысты. І кезең «Толағай» отбасылық сайысы, ІІ кезең «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында отбасындағы тәрбиемен бөлісу, ІІІ кезең «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында қолөнер бұйымдарынан шебер-класс өткізілді. Қорытынды кезеңінде отбасын таныстыру және музыкалық өнер көрсету бойынша сайысқа түсті. Жыл бойы өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлде «Мерейлі отбасы – 2018» - Сағынаевтар отбасы, І орын «Ұлағатты отбасы» - Шахабаевтар отбасы алса, қалған төрт отбасылар түрлі номинациялармен марапатталды: «Үлгілі отбасы» - Балмағанбетовтер отбасы, «Өнерлі отбасы – Үсенбековтер отбасы, «Ынтымақты отбасы» - Малайдар отбасы, «Парасатты отбасы» - Ғалымжановтар отбасы. Сайыс жеңімпаздары бастауыш кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-