
Қауіпсіз еңбек – адам өмірінің кепілі
28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында 25-26 сәуір күндері Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының мектептерінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, №28, №185, №269, №105 мектептерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша еңбекті қорғау инспекторлары ақпараттық - насихаттау жұмыстарын жүргізіп, мектеп психологтары «Еңбек түбі - береке» атты және «Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау» тақырыбында тренингтер өткізді. Тренинг барысында жұмыс орнында күйзелісті болдырмау үшін алдымен өзіңді қандай жағдайда да жақсы сезініп жүрудің маңыздылығы зор екендігі айтылып, мектеп қызметкерлер көбіне компьютер алдында отыратындықтан арнаулы дене, көз жаттығуларын жасауға кеңес берілді. Жас мамандардың арасында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында сайыстар өткізіліп, газеттер шығарып, қорғады.
Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары «Еңбек қауіпсіздігін сақтаймыз!» және «Қауіпсіз еңбек – адам өмірінің кепілі» атты дөңгелек үстелдер, медбикелер «Кәсіптік аурулардың алдын алу» атты дәрістер оқылып, кәсіптік аурулардың түрлері, белгілері, кәсіби аурулардың көрсеткіштері туралы түсінік берілді. Кәсіби ауруларға байланысты жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау, техникалық қауіпсіздікті сақтау керектігі еркеріліп, аурулардың алдын алу үшін әр адам салауатты өмір салтын ұстану басты қағида екендігін толығырақ еске салды. Мектеп кітапханаларында «Қауіпсіз еңбекті қорғау мәдениеті» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Шара соңында «Көңіл-күйіңді көтеріп қуана біл» атты тренинг өткізіліп, қатысушылардың көңілін бір серпілтті.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
-
Фотографии
-