
Маңғыстау аудандық кәсіподақ ұйымының есеп беру, сайлау конференциясы өтті
2018 жылдың 24 сәуір күні, Маңғыстау аудандық кәсіподақ ұйымының есеп беру, сайлау конференциясы өтті. Конференцияны алғы сөз «Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтар одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ - нің төрайымы Тарбия Анайбекқызы ашты.
Есеп беру, сайлау конференциясының басында конференция төрағасы және хатшысы сайланды. Конференция барысында мандат комиссиясының құрамы сайланып, кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы, тексеру комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды. Оған қоса, облыстық есеп-сайлау кәсіподақ конференциясының өкілдері, кәсіподақ комитеті төрағасы, кәсіподақ комитеті, тексеру комиссиясы және тексеру комиссиясының төрағасы сайланды.
Алғашқы болып Ақжанова Дина баяндама жасап, өз жұмысының есебін берді. Сонымен қатар конференцияға қатысушылардың ішінен де сөйлеушілер болды. Бәрі де Ақжанова Динаның жұмысына жақсы баға берді.
«Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтар одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің және Маңғыстау аудандық алғыс хаттарымен кәсіподақ белсенділері марапатталды.
Конференция соңында Ақжанова Дина қорытындылай келе, ендігі сайланатын кәсіподақ комитетінің құрамы мен оның басшысына ұнамды жұмыстарымен көрініп, алдағы уақытта да қызметкерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуына ұйытқы болады деген сенімін білдірді.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» маманыАйдана Үкібайқызы
-
Фотографии
-