
Бастауыш ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетілді
Жуырда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің желілік кестесіне сәйкес комитеттөрайымы А.Айтбузинова, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі аудандық техникалық инспектор Р.Абдуллин Қаблиса Жырау атындағы орта және Қоржынбай бастауыш мектептеріндебақылау жүргізді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының, бастауыш кәсіподақ ұйымының іс-қағаздарын жүргізу барысымен танысу кезінде әдістемелік көмек көрсетілді. Білім беру мекемелерінде ұжым мүшелерінің сабақтан тыс уақытында тынығатын арнайы демалыс бөлмелері жасақталған, пән кабинеттерінде техника қауіпсіздігі бойынша ережелер ілінген, өндірістік кеңестің жұмысы жақсы жолға қойылған. Кәсіподақ белсенділері екі мектептегі асхана, зертхана, шеберхана, спорттық залды аралап көрді.
Бақылау жүргізу барысында мектеп әкімшілігіне анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар айтылды.
ГҮЛНАР БАЙСАҚОВА,Ескелді аудандық
кәсіподақкомитетінің сектор меңгерушісі
-
Фотографии
-