
Көксулық жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
25 сәуірде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық комитетінің желілік кестесіне сәйкес "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің негізінде "Жалын" жастар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға Көксу аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған "Жалын" жастар кеңесінің мүшелері мен аудандағы жас мамандар қатысты.
Дөгелек үстел барысында бейнефильм көрсетілді, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің педагог-психологы А.Рахымбекова латын әліпбиіне көшуде психологиялық кедергіні еңсерудің маңыздылығына тоқталды. Пікір алмасу кезінде білім мекемесіндегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Шалабаева, жас ұстаздар мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылатындығын айтып, өз ойларымен бөлісті.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-