
КӘСІПОДАҚ ОҚУЛАРЫ
Жуырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің мәжіліс залында аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар мен Кәсіподақтың Сарысу аудандық комитеті арасында 2018-2020 жылдарға жасалған Ұжымдық шарттың нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында кәсіподақтың үйірме жетекшілеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар барысында 51 бастауыштың кәсіподақ үйірме жетекшілеріне оқу сабақтарын не мақсатта қалай өткізуге болатындығын және кәсіподақтың Сарысу аудандық Филиалының жарғылық талаптары туралы Гүлмира Сұлтанбекова айтып өтсе, 2018-2020 жылдарға жасалған Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша аудандық құқықтық инспектор Мәулен Әбдіров баяндады. Семинардағы мазмұнды баяндамалардан соң кәсіподақтың үйірме жетекшілері топ-топқа бөлініп, практикалық сабақтарға қатысты.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ұйымдастырушылар тұщымды жауаптар берді.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
-
Фотографии
-