Кәсіподақ белсенділері білімдерін дамытты
25 сәуір күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бастамасымен Қаратал ауданында «Еңбек заңнамасының негіздері. Еңбек даулары және оларды шешу жолдары» тақырыбында семинар - кеңес өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған жаңғырудың «Жол картасы» аясында өткен семинардың басты мақсаты – кәсіподақ белсенділерінің білім деңгейін арттыру.
Үштөбе қаласы № 13 орта мектептің базасында өткен семинар жұмысына білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының бас мамандары Л.Сағынғалиқызы, М.Төлепбергенов және Ә.Тұрдығұлов, Қаратал ауданындағы кәсіподақ активі қатысты. Оқыту семинарының бағдарламасына сәйкес ұжымдық шарттардың сапасын жақсарту, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек дауларын шешу жолдары туралы айтылды. Аумақтық ұйымның заңгері Әсет Қайырханұлы пікір алмасу барысында бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, лекторлар 2018 жылдың қыркүйек - қараша айларында жоспарланған есеп беру – сайлау науқанын өткізу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар айтып, жастарды кәсіподақ қатарына тартуға шақырды.
Ал кәсіподақ белсенділері бүгінгі таңда бастауыш ұйымында атқырылып жатқан жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, кәсіподақ қозғалысын дамыту турасында ойларын ортаға салды.
Семинар соңында Қаратал аудандық комитетінің төрағасы А.Исабаев және Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы М.Төлепбергенов кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан бірқатар белсендіге алғыс хаттар тапсырды.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-