.jpg)
Бастауыш кəсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті
18 сəуір күні Ақтөбе облысы Кəсіподақтар Орталығы басшысының орынбасары Мұғалжар ауданының Жем, Ембі қалаларындағы іс-сапары кезінде Жем қаласындағы №5 орта мектеп пен Ембі қаласындағы №1 орта мектепте болып, бастауыш кəсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президентінің «Бес əлеуметтік бастамалары» талқыланып, бастауыш ұйымның жұмыстарын жандандыру, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, өндірістік кеңестер, ұжымдық шарттар, жастарды кəсіподақ қатарына тарту мəселелеріне аса көңіл бөлінді. Қатысушылар бірқатар сұрақтар мен өздерінің ұсыныстарын айтып, сұрақтарына жауаптар алды. Кездесуде Мұғалжар ауданы білім қызметкерлер кəсіподағының төрағасы Е.Шымқаев болды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-