
МЕРКІЛІК МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Өткен жұмада Жамбыл облысы, Меркі ауданында әлеуметтік әріптестік туралы облыс әкімдігінің білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы арасында 2018-2020 жылдарға жасалған Келісімнің нормаларын түсіндіру мақсатында семинар өтті.
Семинарға аудандық білім мекемелерінің басшылары, балабақша меңгерушілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен ұстаздар қатысты.
Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың кіріспе сөзінен кейін, жиын барысында Кәсіподақ төрағасының орынбасары Берік Баймағамбетов қабылданған Келісімнің негізгі тармақтарына тоқталып өтіп, жиын соңы сұрақ-жауап сағатына ұласты.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-