Панфилов ауданында оқыту семинары өтті
20 сәуір күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Кеңесінің 2018 жылдың 21 ақпанындағы № 4 п.2 Қаулысын орындау мақсатында Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен Панфилов ауданында «Еңбек қатынастарының негізін қалаушы – кәсіподақтар» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына арналған оқыту семинарының мақсаты - кәсіподақ ұйымдары төрағаларының біліктілігін артыру, заң аясында жұмыс істеуге шақыру, есеп беру – сайлау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізу.
Жаркент қаласы Х.Хамраев атындағы орта мектептің негізінде өткен шараға білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымының бас мамандары, Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қатысты.
Оқыту семинары барысында ұйым жетекшілеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетіліп, жұмыс барысында қажетті нұсқаулықтар үлестірілді. Аумақтық ұйымның бас мамандары М.Төлепбергенов еңбек ұжымындағы өндірістік кеңес және техникалық инспектордың жұмысына қатысты ақпаратпен бөліссе, ал Л.Сағынғалиқызы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын дайындау және өткізу бойынша ұсыныстарын айтты. Ұйым заңгері Ә.Тұрдығұлов еңбек қатынастарына байланысты жағдайларды талдап, заңгерлік кеңес беріп, қатысушылармен пікір алмасты.
Диалог түрінде ұымдастырылған семинар өте нәтижелі өтті. Қатысушылар құқықтық білімдерін жан-жақты жетілдіріп, тәжірибелерімен бөлісті, өздерін қызықтырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-