.jpg)
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мәжіліс залында мектеп директорларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазіргі заманғы мектепті басқару» тақырыбында облыстық оқыту семинары жалғасын тапты
2018 жылдың 17 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мәжіліс залында мектеп директорларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазіргі заманғы мектепті басқару» тақырыбында облыстық оқыту семинары жалғасын тапты.
Семинар жұмысының екінші күнінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, Ақтөбе облысының білім басқармасының мамандары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Е.Толыбаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық Министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің балалар, білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Л.Ршауова дәріс оқыды. Семинарға барлығы 50 директор қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-