
Мектепке дейінгі ұйым басшылары арасында өткізілген «Жаңашыл басшы-2018» облыстық байқауы
Маңғыстау облысының білім басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ - нің біріккен әлеуметтік әріптестік іс-шараларына орай, Білім басқрмасына қарасты Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи менеджмент саласындағы ұйымдастырушы шығармашыл басшыларды анықтау, оның менеджерлік құзыреттілігін, басқарушылық стилін, ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру, қоғамдағы әлеуметтік беделін қалыптастыру мақсатында, 2018 жылдың 13 сәуірінде Ақтау қаласында мектепке дейінгі ұйым басшылары арасында «Жаңашыл басшы-2018» облыстық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Шараға облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының басшылары мен мамандары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары мен мектепке дейінгі ұйым директорлары, барлығы 50 педагог және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған байқауға аудан, қалалардан барлығы 35 мектепке дейінгі ұйым директорлары бақ сынап, оның 9 мектепке дейінгі ұйым басшылары облыстық кезеңге өтті.
Байқауда қатысушы үміткерлер жетістіктер портфолиосы бойынша бірлестік қызметіндегі басшы рөлін, басқару стилін, оның ерекшелігін көрсетті және тест жұмыстарын орындады. Одан әрі «Заманауи басшы бейнесі» тақырыбында эссе қорғау арқылы қазіргі менеджменттік басқарудың инновациялық мәні туралы баяндады.
Байқауды алғы сөзімен Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Мамаева Гүлмира Қасымқызы ашты. Келесі құттықтау сөз кезегі «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ – нің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді.
Жеңімпаздарға облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ - нің арнайы дипломдары, сондай-ақ бағалы сыйлықтары табыс етілді.Байқау соңында №26 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілерінің музыкалық құттықтау бағдарламасымен қорытындыланды.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» маманыА. Б. Аманиязова
-
Фотографии
-