
Талдықорғанда «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиада өз мәресіне жетті
10 сәуір күні Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Облыс орталығындағы №17 ОМ базасында өткен шараға білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Гүлнар Омарова қазылар алқасының жұмысына қатысты. Қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды бірнеше критерийлер бойынша бағалады. Атап айтқанда, ұстаздардың заманауи технологияларды меңгеру деңгейіне, кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсыну және импровизациялық қабілетіне аса мән берді.
Негізгі екінші тапсырма –панорамалық сабақ немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы» ұсыну барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны, кәсібиқұзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісінталдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырды.
Қызықты әрі тартысты өткен олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды.
І дәрежелі диплом – Ж. Жұмажанова, Кербұлақ ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп;
ІІдәрежелі диплом – Ж. Қадекұлы, Жамбыл ауданы Еңбекшіарал орта мектебі;
ІІ дәрежелі диплом – А.Серубай, Қаратал ауданы Р.Қошқарбаев атындағы орта мектеп;
ІІ дәрежелі диплом –Қ. Халық, Қарасай ауданы Үшқоңыр орта мектебі;
ІІІ дәрежелі диплом – С. Сейткәрімова, Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп;
ІІІ дәрежелі диплом – Б. Берікханов, Талдықорған №21 орта мектеп;
ІІІ дәрежелі диплом – Қ. Қуанышбаев, Ескелді ауданы Мелькомбинат негізгі орталау мектебі;
Сонымен қатар, 3 қатысушы «Креативті ұстаз», «Шебер ұстаз», «Талантты ұстаз» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды.Облыстық педагогикалық олимпиадаға барлығы 17 педагог қатысты.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-