«Есеп – беру сайлау» науқаны туралы облыстық семинар
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Жарғысына сәйкес, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-і 2018 жылдың 10 сәуірі күні облыстың бастауыш кәісподақ ұйымдары төрағаларымен «Есеп – беру сайлау» науқаны туралы облыстық семинарды ұйымдастырып өткізді.
Семинар «Кәсіподақтар үйі» ғимаратының мәжіліс залында өтті. Семинардың модераторы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ – нің құқықтық қызметтер бойынша бас маманы Храмова Наталья Станиславовна жүргізді. Семинар барысында «Есеп берулер мен сайлауларды» өткізуде, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің 2017 жылдың 11 қаңтарында бекітілген «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының барлық деңгейлерінің кәсіподақ құрылымдарындағы кәсіподақ органдарында есеп берулер мен сайлауларды өткізу жөніндегі Нұсқаулықты басшылыққа алу, Облыстық білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ төрағаларына:
есеп берулер мен сайлаулардың жиналыстары мен конференцияларындажоғары сайланбалы кәсіподақ мекемелерінің, әлеуметтік әріптестердің, жергілікті өкілетті және атқару мекемелерінің қатысуын қарастыру;
есеп берулер мен сайлаулардың барысында кәсіподақ мамандары есебіне құру, облыстық кәісподақ мекемелері мен төрағалары құрамының жастармен жаңарып, кеңеюіне нақты шешімдер қабылдау;
- есеп берулер мен сайлаулардың ашық, жариялылық түрде өткізілуіне, есеп берулер мен сайлау науқандарының өту барысын жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарымен толық қамтамасыз ету және есеп берулер мен сайлаулардың (жиналыстары) конференцияларының қорытындысын айлық мерзімде жазбаша ақпарламасы мен есептік мәліметін ұсыну туралы нақты түсіндіріліп, құжаттарды жасақтауда әдістемелік көмектер көрсетілді.
Нұсқаулық, хаттама, акт, т.б. құжаттар семинар қатысушыларына таратылды.
Семинар барысында кәсіподақ төрағаларының кезекті көкейлерінде жүрген бірнеше сауалдарға да жауаптар қайтарылып, төрағалар семинарды ұйымдаструшыларға өз ризашылықтарын білдірді. Семинар өз жалғасын әлі де табады.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» маманыА. Б. Аманиязова
-
Фотографии
-