Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесті
6 сәуір күні Жетісу жеріне ат басын бұрған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты Смағұлов Асылбек Айжарықұлы кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары және Талдықорған қаласының кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесуде халық қалаулысы Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастаманытүсіндіріп, жиынға қатысушылармен пікір алмасты. Келелі басқосу барысында несие, баспана алу мәселесі мен салық мөлшерін төмендету, студенттерді жатақханалармен қамту жайы сөз болды.
«Бес әлеуметтік бастама сәтті жүзеге асатын болса, елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсырады. Ал жастарға баспана беру жайы бес әлеуметтік бастамада ерекше атап көрсетілген. Президент ұсынған «Бес бастама» мемлекеттің әлеуметтік әлеуетін нығайтады», - деді Асылбек Айжарықұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ, басқосуда Алматы облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутатыӘ.Қыдырманов "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы оқу орнын бітірген жас мамандар үшін үлкен қолдау болып, өңір жастарын жұмыспен қамту мәселесін шешуге үлес қосатындығын айтып, аталған бағдарламаның облыстық жастар саясаты басқармасы арқылы жүзеге асыру керектігі туралы ұсыныс білдірді.
Ал білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.ӘбдіқадыровЕлбасының жолдауы мен әлеуметтік бастамаларын жетісулық ұстаздар қауымының қолдайтындығын жеткізді. «Жолдауда білім әрдайым бірінші орында тұруы қажет делінген. Өйткені, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қойған ұлт қана табысқа жетеді. Осы ретте ұстаздың мәртебесін көтеру үшін «Ұстаз мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет», -деді Садық Нұрсапаұлы өз сөзінде.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-