
ЖАМБЫЛДА КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының ХІІ кезектен тыс сайлау Конференциясы өтті. Облыс бойынша 799 бастауыш кәсіподақ ұйымынан білім бөлімінің басшылары, білім мекемелерінің басшылары мен меңгерушілері, Кәсіподақтың Филиал төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері барлығы 75 делегат сайланған Конференция кәсіподақ үйінің мәжіліс залында өтті.
Ұйым жарғысына сәйкес Конференцияны жүргізу үшін президиум, мандат комиссиясы, хатшылық пен есеп комиссиясы жасақталған соң, күн тәртібіне сәйкес алғашқы сұрақ – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Алқалы жиын барысында делегаттар бірауыздан Кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Ерұлан Сәбенұлы Мағзымбековтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді.
Конференция барысында сондай-ақ, Кәсіподақтың басқару органдарының құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» ҚБ-нің филиал мәртебесіндегі бірқатар мүшелік ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қарады.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-