
Еңбек ұжымында «Кәсіподақ ұйымы және оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы ролі» тақырыбында дөңгелек стол өтті
Жуырда Қаратал ауданы Абай атындағы орта мектебінің еңбек ұжымында «Кәсіподақ ұйымы және оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы ролі» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
Шара кәсіподақ мүшесінің құқығын қорғаудағы кәсіподақ ұйымының ролі мен еңбек тәртібін сақтаудағы кәсіподақ ұйымы төрағасының міндеттерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Е.Коханова жиынды ашып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіндегі өзгерістер бойынша хабарлама жасады.
Жарыссөз барысында еңбек ақы төлеу реті, тәртіптік жаза түрлері, жұмыс берушінің қызметкерді еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу тәртібі сияқты өзекті мәселелер көтеріліп, кәсіподақ мүшелері арасында қызу талқыланды.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-