
Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіподақ белсенділерін құқықтық оқытуға арналған семинар өтті
Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында 2018 жылдың 05 сәуірі күні жоспарға сай кәсіподақ белсенділерін құқықтық оқытуға арналған семинар өтті. Семинарға аудандық (қалалық) кәсіподақ комитеттерінің және коллдедж кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинардың мақсаты – жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын жетілдіру, қорғау, қоғамдағы беделін арттыру.
Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы келісімді жасау, іске асыру, қолдану жолдары және еңбек ұжымдарында хал-ахуалдық жағдайды жақсартудың психологиялық механизимдері туралы тренинг өте қызықты, жоғарғы деңгейде өтті.
Жаңадан сайланған 6 аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары тренингке белсене қатысып, құқықтық қоржынын толықтырды.
-
Фотографии
-