.jpg)
Меркідегі мерейлі демалыс
Әрбір мемлекеттің тірегі – білімді де білікті адамдар. Ұстаз еңбегінің еленуі ең алдымен білім берген шәкіртінің озық ойлылығына байланысты. Өз еңбегінің рахатын көп жыл өткен соң ғана сезіне алатын кәсіп иесі – ұстаз қауымы. Оқушыларының әр игі ісіне марқайып, жеткен әр белесін зор қуанышпен қабылдайтын мұғалім қауымының бақыты да, байлығы да – дарынды шәкірті.
Осы еңбегімді бағалаған білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы менің қуанышымды еселей түсті. Бұл ретте біздің облыстық кәсіподақ ұйымының да үлесін атап өтпеске болмайды. Кәсіподақ мүшелері санаторлық-курорттық мекемелерде дем алуға мүмкіндік алып, көктемгі каникулда облыс бойынша отыздан астам ұстаз «Меркі» шипажайында демалып, керемет әсермен оралдық. Алатаудың етегіне қоныс тепкен Меркі – елімізге көрікті, ғажап табиғаты, саф ауасы, мәуелі бақшасымен танылған өлке. Аталған шипажайдың іргетасы 1981 жылы ресми түрде ашылып, көп ұзамай байтақ Қазақстанға кеңінен танылды. Таудың арасына орналасқан шипажайдың негізгі емі радон суы арқылы жүргізіледі. Суы көп ауруларға ем. Емнен тысқары уақытта Меркі шатқалдарына, аудан орталығына саяхат жасап, сол өңірдің тарихымен таныстық. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымына бізге осындай жақсы мүмкіндік бергеніне алғыс айтамын.
Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы,Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің
орыс тілі пәнінің мұғаліміИхсанова Айжан Тапашевна
-
Фотографии
-