
Қош келдің, Әз Наурыз!
Ұлыстың ұлы күні мерекесінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымында «Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбында қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде орын алған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің ерекшелігі, қазақ халқы салтында алатын орны және мән - мағынасын түсінік беру мақсатында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Ұжымдастар ұлттық киімдерін киіп, бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып, бір-біріне жақсы тілектер айтты.
Мереке институт тренері Р. Нұрованың орындауындағы «Наурыз - думан» әнімен ашылды. Сөз кезегі ұжымның үлкендеріне беріліп, «Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлім» - қызметкерлері Ж. Жеткізген және Қ. Ванов риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мерекемен құттықтап, ақ баталарын берді.
Институт директоры И. Джумагалиева институт қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен бірге «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі» жетекшісі А.Тулегалиевті ҚР Білім және ғылым министрі А.Сағадиевтің Алғыс хатымен марапаттады.
Дастарханға жеті түрлі тағам қосылған Наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдар дайындалып, қонақасы берілді. Келіндердің табақ алу рәсімінен кейін ақсақалдар батасын берді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша
ПҚ БАИ кәсіподақ төрайымы К.Бактиярова.