
Жолдау жолымен білім биігіне!
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің елбасының жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Жолдау жолымен білім биігіне!» үгіт-насихат бригадалары байқауыныңҚызылорда облысы Шиелі ауданындағы ақтық сайысы наурыз айының 15-ші жұлдызында Аудандық Мәдениет үйінде өткізілді. Байқауға 4 аймақтан ең мықты 10 үгіт-насихат топтары қатысып, бақтарын сынады. Алғы сөзі аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шығармашылықтарымен, өнерлерімен ерекшеленген №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің «Алтын ғасыр» тобы «Ең үздік үгіт бригадасы» атағы мен бас жүлдеге ие болды. Жолдауды насихаттаумен қатар атқарылып жатқан жұмыстардың аясын кеңінен ашып көрсете алған №158 орта мектебінің «Қаптағай» тобы «Үздік насихаттаушы» номинациясымен, «Үздік PR топ» номинациясымен №150 қазақ орта мектебінің «Білім сақшылары» тобы, «Ең үздік әуенді ұжым» номинациясын №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің «Самғау-47» тобы иеленсе, «Үздік сценарий» номинациясын №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебінің «Нұрлы ғасыр» тобы, «Шығармашыл топ» номинациясы №50 Абай атындағы орта мектебінің «Ел Үміті» тобы иеленді.
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы
-
Фотографии
-