
«Амал келді – жыл келді»
Амал мерекесі – тек мейрам ғана емес, ол табиғаттың түрленіп, жаңаруы. Бұл – халық арасындағы келісімді насихаттап, бірлік пен ауызбіршілікке шақыратын айтулы мереке. Бұл күні қазақтың қаймағы сақталған, еңсесі биік, салт-дәстүрі тереңде жатқан Маңғыстау жұртшылығы бір-бірімен төс қағысып көрісуге шығады. Оның мәні – жаңа жылға аман-есен жетіп, төрт көз түгел жүздесу. Сондай-ақ үлкедерге арнайы барып көрісу, арадағы өкпе-ренішті ұмыту, кешірім сұрау – осы күні көрініс табады.
Бұл - сөз жоқ тағылымды дәстүр. Жасампаздықпен жаңарудың мерекесін тойлау өңірде 14 наурыздан басталады.
15.03.2018 жылы YESSENOV UNIVERSITY білім ордасында ұлттық салт дəстүрді насихаттау мақсатында «Амал мерекесі» тойланды.
Университет əкімшілігі мен кəсіподақ комитеті бірлесіп мерекелік іс шара ұйымдастырды. Мерекелік шарада ұйымшыл ұжымның өнерпаз қызметкерлері мен студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама, қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысты бейнелейтін қойылымдар қойылып, ұлттық киім жəне спорттық ойындар жарыстары көрсетіліп, қолөнер және түрлі тақырыптағы көрмелер жұртшылыққа таныстырылды.
Шараның соңында университетке ерен еңбегін сіңірген мерей той жасына толған бір қатар ардақты қызметкерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ - ТІРЛІК БАР», деген осы шығар, мерекелік іс шара тек қана қатысушыларға ғана емес мейрамға келген қонақтарға да керемет əсер қалдырды.
Маңғыстау облысы, Ш. Есенов атындағыКаспий мемлекеттік технологиялар
жәнеинжиирнг университетінің бастауыш кәсіподақұйымының төрайымы Жанар Абдукаримова
-
Фотографии
-