
Көксулық жастар жаңа бастамаларды қолдайды
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық комитеті мен «Жалын» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен М.Құрманов атындағы №2 орта мектепте «Мамандығым мақтанышым» атты семинар өтті.
Семинарға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сағымбала Төкенова, аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Л.Керімбекова, аудан мектептерінде жаңадан еңбек жолын бастаған жас ұстаздар қатысты.
Жас мамандардың бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинар барысында ұстаздар ашық және сыныптан тыс сабақтар өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбында пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
«Қазақстанның бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз ұшқыр ойлы, алғыр, аянбай еңбек етуі керек. Ал тәлімгерлердің мақсаты – жастарға бағыт-бағдар беру, кәсіби құлшынысын арттыру, педагогикалық тұрғыдан әдістемелік көмек беру толып табылады», - дейді кәсіподақ комитетінің төрайымы Сағымбала Құлсейітқызы.
Семинар соңындабілім саласына қатысты жаңа ережелер мен реформаларталқыланып,жастардың сұрақтарына жауап берілді.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағы Талдықорған
аумақтықұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-