
ЖАМБЫЛДА ЖАҢА БАСШЫЛЫҚ
Өткен жұмада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының VII кезектен тыс Пленумы болып өтті. Пленум бірқатар өзекті мәселелерді қарап, өміршең шешімдер қабылдады. Алқалы ж иынға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымның орынбасары Айгүл Мұқашева, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген, облыс бойынша Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мақсұт Налибаев, салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Райгүл Байназарова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлдара Нұрымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрәк Жинақбаева, білім саласының ардагерлері Бәтес Егембердиева мен Айман Садыкова, салалық кәсіподақ өкілдері Рахия Менлибаева мен Жанна Алшынбаева, Пленум мүшелері мен сала өкілдері қатысты.
Алғашқы болып сөз алған кәсіподақ төрайымы Гүлсін Орынбаева елімізде жүріп жатқан кәсіподақтар қозғалысының жаңғыру саясатына тоқталып, осы бағытта облыстық ұйымның атқарып жатқан соны жұмыстарына тоқталды. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік жасау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ мүшелерін оқыту мен ақпараттық саясатты жүргізу, сала өкілдерін сауықтыру сынды өзекті мәселелердің бір минутқа да кәсіподақтың күн тәртібінен түспегенін, мұның барлығы өз өмірінің өзегі болғанын айтып өткен Гүлсін Рахымжанқызы сөз соңында жаңғыру саясатын жастар жүзеге асыру қажет деген тоқтам жасап, өз өтініші негізінде қызметін тоқтату туралы шешім шығарғанын жариялады.
Ыстық ықыласқа толы құттықтаулардан кейін Гүлсін Орынбаева қызмет жылдары облыс басқарған басшыларға, барлық әлеуметтік әріптестерге, Кәсіподақтың барлық алқалы басқару органдарының мүшелері мен Пленум қатысушыларына, сонымен қатар кәсіподақта еңбек етіп келе жатқан барлық әріптестеріне, ардагер ұстаздар мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілеріне, жалпы білім саласында қызмет атқарған, атқарып жүрген әріптестеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрайымы Гүлсін Орынбаеваның өз өтініші бойынша төрағалық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, еңбек шартын бұзу туралы өтініші қаралып, Пленум мүшелерімен мақұлданған соң, күн тәртібіндегі екінші сұрақ - Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының кезекті есеп беру-сайлау Конференциясына дейін Филиал төрағасының міндетін атқаруды жүктеу туралы мәселе көтерілді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева Кәсіподақтың облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, кадр резервінде тұрған Ерұлан Мағзымбековтың кандидатурасын ұсынып, өзге де ұсыныстар болмағандықтан дауысқа салуға шақырды. Пленум мүшелерінің бірауызды шешіміменЕрұлан Сәбенұлы МағзымбековҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы міндетін атқарушы болып сайланды. Жиын барысында тағы бір сайланбалы қызмет – Кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары қызметіне бұған дейін Бас инспектор-құқықтық қызметтің басшысы лауазымын атқарғанБерік Әбенұлы Баймағамбетовсайланды.
Бұған дейін Кәсіподақтың Т.Рысқұлов, Меркі, Шу және Қордай аудандық комитеттерінде кезектен тыс Пленум өтіп, кәсіподақ төрағалары қайта сайланған болатын. Мәселен, Кәсіподақтың Шу аудандық комитетінің төрайымы болыпСИХИМОВА Алтынкүл Мадиомарқызысайланды. Кәсіподақтың Т.Рысқұлов аудандық комитетінің төрайымы болған Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызының орнына кадр резервінде болғанБаймұратова Айнұр Манатбекқызысайланды. Кәсіподақтың Қордай аудандық комитетінің төрайымы болған Байбекова Фатимат Жұмаділқызының орнына кадр резервінде тұрғанЖасыбаев Совет Тұрғанұлысайланды. Кәсіподақтың Меркі аудандық комитетінің төрайымы болған Қажғалиева Ғалия Қажғалиқызының орнына кадр резервінде болғанАсанжанова Мадина Болысбекқызысайланды.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-