Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымында кезектен тыс сайлау конференциясы өткізілді
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымында бұрынғы төрайымның өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты кезектен тыс сайлау конференциясы болды. Конференция жұмысы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікованың қатысуымен өтті. Конференцияға сайланған 100 делегаттың 89 қатысты. Кезектен тыс сайлау конференциясының жұмысы салалық кәсіподақтың Жарғысына сәйкес жүргізілді.
Конференция барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалығына делагаттар ішінен үш кандидатура ұсынылды: Сұлтанғалиева Ольга Кушимқызы, Ташимбаева Сақыпжамал Жаянқызы және Жолдас Айнұр Алдамбергенқызы. Нәтижесінде Жолдас Айнұр Алдамбергенқызы көпшіліктің ашық дауысымен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-